1. Интернет-ресурсты пайдаланудың жалпы шарттары
1.1. Осы Интернет-ресурстың иесі Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы (бұдан әрі – Кітап палатасы) болып табылады.
1.2. "Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару және тарату" мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін баспа , автор немесе интернет-ресурсқа қол жеткізетін өзге де құқық иеленуші (бұдан әрі-Пайдаланушы) Интернет - ресурстың пайдаланушысы болып табылады.
1.3. Пайдаланушы (автор, баспагерлер) kitaphana.mektebi.kz Интернет-ресурсына тіркелген кезде бірден күшіне енетін төмендегі шарттардың заңды түрде орындалуына келіседі
1.4. Осы келісімді Кітап палатасы кез келген уақытта, қандай да бір арнайы хабарламасыз толық немесе ішінара өзгертуі мүмкін. Келісімнің жаңа редакциясы Интернет-ресурста жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
2. Материалдарды kitaphana.mektebi.kz. Интернет-ресурсында орналастыру шарттары
2.1. Пайдаланушы өз материалдарын орналастыру үшін kitaphana.mektebi.kz Интернет-ресурсында тіркеуден өтеді.
2.2. Тіркелген автор өзі ұсынған туындыны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруына келісім берген тұлға болып табылады (авторлық шартта мұндай келісім болмаған жағдайда);
3. Интерет-ресурсында орналастырылған материалдарды пайдалану шарттары
3.1. Осы Интернет-ресурсында жарияланған материалдарды көшіру, қайта басу және кейіннен тарату, тек қана Кітап палатасының жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі. Яғни, жазбаша келісімсіз пайдалануға болатын ақпарат көзіне белсенді гиперсілтемесін міндетті түрде көрсете отырып, көлемде дәйек сөз үшін алуға болатын жаңалықтар хабарламасынан басқа. «Пайдалануға рұқсат жоқ», — деген тиісті белгісі бар жағдайда, жаңалықтар хабарламасын пайдалануға рұқсат етілмейді.
3.2. Сайтта орналастырылған жаңалықтар хабарламасын тарату басқа редакцияда (рерайт) баяндалғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Дегенмен, шығатын материалға «kitaphana.mektebi.kz хабарлайды» үлгісіндегі гиперсілтеме жасау міндеттеледі.
3.3. Сайтта орналастырылған инфографика, фото, видео және аудиоматериалдарды пайдалануға «Кітап палатасы» жазбаша рұқсат алған жағдайда, бұл материалдарды редакциялауға тыйым салынады. Шағым-тілектеріңіз болған жағдайда «Кітап палатасы» әкімшілігіне немесе сайт модераторларына хабарласыңыз.
Барлық құқықтар қорғалған.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде kitaphana.mektebi.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.